Үкіметте Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Көлік, Энергетика министрліктері басшыларының орынбасарлары және «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС басшысы қатысты.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының әуежай инфрақұрылымын дамыту, елдің транзиттік-көлік әлеуетін арттыру, заманауи авиациялық хабтарды қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Петропавл қаласының әуежайының инфрақұрылымын жаңғырту, маршруттық желіні кеңейту, жолаушылар, жүк тасымалы көлемін арттыру мәселелері қаралды.

2025 жылы әуежай 132,5 мың жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 есе көп. Соңғы жылдары жанармай құю кешенінің жұмысы қалпына келтіріліп, түнгі рейстерді орындауға қойылған шектеулер алынып тасталды.

Алдағы уақытта ұшу-қону жолағын реконструкциялау, халықаралық бағыттарды дамыту, авиациялық отынның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету және мультимодальды логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар жолаушылар ағыны аз өңірлік әуежайларды дамыту, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымын жаңғыртуға, маршруттық желіні кеңейтуге, өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға әуежай инфрақұрылымын одан әрі дамыту, жоспарланған жобаларды уақтылы іске асыру, елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...