Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысы Әли Джавад Әл-Эйдпен кездесті

Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысы Әли Джавад Әл-Эйдпен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда ХВҚ миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«Қазақстан Қормен 30 жылдан астам уақыт жемісті ынтымақтастық орнатып, айрықша қолдауға ие болды. Біздің ХВҚ-мен ұзақмерзімді әріптестігіміз экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының сапалы әрі орнықты өсуі үшін өте маңызды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

 Кездесуге қатысушылар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салық-бюджет саясатын жетілдіру және ұлттық қаржы нарығын дамытуға бағытталған жобалардың оң нәтижелерін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыру барысында ХВҚ-ның тәжірибесі мен ұсынымдары ескерілгені айтылды. Сондай-ақ 2021 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келе жатқан ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар вице-премьер мен миссия басшысы мемлекеттің экономикалық нақты секторын қаржыландыру, бюджет-салық реформасын іске асыру жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың басқа да аспектілерін талқылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...