Шымкент: Наурыз мейрамының онкүндігі ерекше форматта атап өтіледі

Шымкент: Наурыз мейрамының онкүндігі ерекше форматта атап өтіледі

Биыл Шымкентте Наурыз мерекесі ерекше форматта атап өтіледі. 14 наурыздан бастап «Көрісу күні» ұйымдастырылып, өңір зиялылары мен мәдениет қызметкерлері Түркістан облысындағы «Бірлік монументі» тарихи кешенінде кездеседі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар 15-22 наурыз аралығында қала аумағында бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ:
- 15 наурыз – Қайырымдылық күні: халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету;
- 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Қошқар ата өзені бойында дәстүрлі фестиваль ұйымдастыру;
- 17 наурыз – Шаңырақ күні: отбасы құндылықтарын насихаттау шаралары;
- 18 наурыз – Ұлттық киім күні: ұлттық сән көрсетілімдері мен көрмелер;
- 19 наурыз – Жаңару күні: экологиялық акциялар аясында 1000 түп ағаш отырғызу;
- 20 наурыз – Ұлттық спорт күні: қазақтың ұлттық ойындарына арналған жарыстар;
- 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні: этноауылдар, ұлттық көрмелер мен концерттік бағдарламалар;
- 22 наурыз – Жыл басы: республикалық «Жарамазан Fest» және «Бесікке салу» байқаулары.
Барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде хабарланып отырады.
Шымкент қаласында 2024-2025 жылдары мәдениет, ономастика және тіл саясаты салаларында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Қаланың мәдени нысандары жаңартылып, мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Халықаралық фестивальдер мен ұлттық мейрамдар жаңа деңгейде өткізілмек. Осы бастамалар қаланың мәдени өмірін жаңа белеске көтеріп, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...