Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі

Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі

Шымкент қаласында 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне дайындық басталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласында «Азаматтық қорғаныс – халықтың қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай кешенді шаралар қолға алынды. Бұл күн жыл сайын әлемнің 58 елінде атап өтіліп, азаматтық қорғаныстың маңыздылығына қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында айтты.
Азаматтық қорғаныс – халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, заманауи зақымдаушы құралдардың әсерінен қорғауға арналған жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін қамтиды. Биыл бұл маңызды күнді жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовтің бастамасымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бірқатар мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Наурыз айы бойы қала тұрғындарына төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережелері түсіндіріліп, білім беру мекемелерінде ашық сабақтар өтеді. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінде оқушылар үшін ашық есік күндері ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда қауіпсіздік туралы ақпараттық материалдар таратылмақ. – деді Нұржан Нұрханұлы.
Бүгінде Шымкент қаласы 7-8 балдық сейсмоқауіпті аймақта орналасқандықтан, жер сілкінісіне дайындық мәселесі де назардан тыс қалмайды. Осыған орай, барлық білім беру ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығуларға ерекше көңіл бөлінбек.
Қалалық ТЖД тұрғындарды азаматтық қорғаныс шараларына белсене қатысуға шақырады. Себебі, төтенше жағдайға дайын болу – әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...