Рамазан – мейірім мен берекенің айы

Рамазан – мейірім мен берекенің айы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің ғұламаларымен келісе отырып, биылғы Рамазан айының басталуын 1 наурызға белгіледі. Қасиетті Қадір түні 26-нан 27-наурызға қараған түнге сәйкес келеді, ал 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы Абдурахмановтың қатысуымен “Рамазан айына дайындық” тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы, балиғат жасына толған әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – міндет. Алайда жолаушылар, науқастар, жүкті немесе емізулі баласы бар аналар оразаны кейінге қалдыруына рұқсат берілген. Ораза – тек ішіп-жеуден тыйылу емес, ол рухтың азығы, тәннің шипасы, сабыр мен нәпсіні тізгіндеудің мектебі.

Қайырымдылық пен мейірім айы Рамазан – тек өзімізді емес, өзгелерді де ойлайтын ай. Сондықтан мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қайырымдылық жасау – сауапты істердің қатарында. Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті айда түрлі игі бастамаларды жүзеге асырады. Кәсіпкерлерді азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға, қоғамдық тамақтану орындарын ауызашар мәзірін қолжетімді етуге шақырады. Сондай-ақ, құдайы астарды ауызашар уақытында өткізу сауапты іс саналады.

Оразаға қатысты жаңашылдықтар

Ақпараттық технология дамыған заманда діни сауатты арттыру мақсатында бірнеше жобалар іске қосылды. Атап айтқанда:

MuftyatBot – діни мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беретін Телеграм-бот;
? muftyat.kz сайтында барлық 6 000 елді мекеннің ораза және намаз кестелері жарияланды;
? Діни ақпарат беру орталығы тәулік бойы қызмет етеді (байланыс нөмірі: 8 707 233 30 30);


«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» және басқа да діни кітапшалар жарық көрді.

Тілге құрмет – дінге құрмет

Қасиетті айда жастарды діни терминдерді қазақша қолдануға шақырамыз. Бабаларымыз ғасырлар бойы ауызашар, сәресі сөздерін пайдаланған. Сол дәстүрді жалғастырып, ифтар немесе сухур секілді кірме сөздерден арылғанымыз жөн.-деді Бақдаулет Нұрматұлы.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/zNFFj5lFA4c?si=rbzHhhDngZx5V1q-

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...