Шымкентті ауыз сумен қамтуда 14 жоба іске асырылуда

Шымкентті ауыз сумен қамтуда 14 жоба іске асырылуда

Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала дамуындағы негізгі мәселенің бірі - инженерлік инфрақұрылым екенін атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаланың 75 пайызы жеке тұрғын үйлерден және шағын елді мекендерден құралады. 81 елді мекеннің 41-і жаңадан қосылған, инфрақұрылымдық ахуалы күрделі аумақтар.

«Инфрақұрылымдық даму қаланың 5 жылдық жоспарында қамтылған.

Бірінші кезекте, халықты сапалы ауыз сумен қамту назарға алынды. Бүгінгі таңда 5 елдімекен жартылай, 7 елдімекен су тасымалымен қамтылған. Үкімет қолдауымен 16 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз су мәселесі 2023 жылы толығымен шешілед»,-деді қала әкімі.

Қала басшысы сондай-ақ кәріз жүйесі мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, шаһардағы 63 елді мекенде кәріз жүйелері жоқ. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпейді. Биыл 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайызға жетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...