Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың Байқоңыр ғарыш айлағында кездесуі өтті

Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың Байқоңыр ғарыш айлағында кездесуі өтті

Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен «Бәйтерек» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.

Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.

Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...