Қазақстанның Қарулы күштерінде «Әскер аруы» фотобайқауы басталды

Қазақстанның Қарулы күштерінде «Әскер аруы» фотобайқауы басталды

Бұл Қарулы күштер сапындағы мақсаты айқын, қызметте табысты және сұлу қыз-келіншектердің фестивалі әскери мамандықты меңгеріп, кәсіби тұрғыда танылғандардың алаңы болмақ, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтетін фотобайқау әскери қызметтің беделін арттыруға және қоғамның назарын әскер қатарында жүрген әйелдердің рөліне аударуға бағытталған. Қатысушылар туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған. 

Фотобайқауға Қарулы күштер түрлерінен, әскер тектерінен және өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 36 әскери ару қатысуда.

Қатысушыларды бағалау 2025 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Қорғаныс министрлігінің Instagram ресми парақшасында дауыс беру арқылы өтеді. Ең көп дауыс (лайк) жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау Астанада өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...