Шымкентте алғаш рет пара садақ атудан чемпионат басталды

Шымкентте алғаш рет пара садақ атудан чемпионат басталды

Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионында орналасқан Садақ ату кешенінде алғаш рет пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Турнирді ашқан Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков бұл жарыс елдегі пара садақ ату спортының дамуына серпін беріп, үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ мұндай іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, ерік-жігердің, табандылықтың және рух мықтылығының мерекесі екенін айтқан ол: «Спорт – адамдарды біріктіретін, шекара мен кедергілерді жоятын күш. Бүгінгі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 51 спортшы қатысып отыр. Олар өз шеберліктерін көрсетіп, еліміздегі пара садақ ату спортының дамуына үлес қоспақ. Әрқайсысы – нағыз ерік-жігердің символы» деді.

Бұдан кейін басқарма басшысы тартысты бәсекеде бақ сынағалы тұрған спортшыларға табыс тіледі. Сөзінің соңында мергендігі, сабырлығы және жеңіске деген ұмтылысын паш еткен мықтыларды жинаған спорттың бұл түрі көрермендерге де рух сыйларына сенім білдірді.

Чемпионатқа еліміздің 7 өңірінен 51 спортшы қатысып жатыр. Соның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысынан бес бестен спортшы қатысса, Астана қаласынан – 4, Батыс Қазақстан облысынан – 5, Жетісу облысынан – 14, Павлодар облысынан – 11, Шымкент қаласынан – 12 спортшы бағы мен бабын сынап көрмек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...