Халықтық бақылау

Халықтық бақылау

Құрметті қала тұрғындары!

Шымкент қаласының әрбір тұрғыны үшін қалада болып жатқан келеңсіз жағдайларға бей-жай қарамай, орын алған оқиғаларды байқап, анықтап жатсаңыздар дер кезінде түзету аса маңызды.

Мысалға, соңғы уақытта қаламызда бірнеше жайсыз оқиғалар орын алды. Атап айтқанда, қаланың кейбір жерлерінде люктердің ашық қалуы, вандализм әрекеттері, скверлер мен аулалардың бұзылуы секілді жағдайлар жиі кездесуде.

Осыған орай, егер сіздер осындай жағдайларды байқасаңыздар аталған мәселелер бойынша «Халықтық бақылау» айдары аясында өз пікірлеріңізді білдіріп, фотосуреттер немесе видеолар арқылы әлеуметтік желілерде жариялауға немесе Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми парақшасына хабарлама жолдауға болады.

Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бірлесе жұмыс атқарып, орын алған кемшіліктерді уақытында жөнге келтіруге мүмкіндік бар.

Ескертетін жәйт, әлеуметтік желіде жазылған барлық жазбалар мен ақпараттар қатаң бақылауға алынады. Сонымен бірге, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары мүмкіндігінше жедел қаралып, тиісті органдарға жолданатын болады.

Құрметті Шымкенттіктер!

Қаладағы қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрбір тұрғынның жауапкершілігі мен белсенділігі маңызды. Бұл қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, қаламыздың дамуына үлкен септігін тигізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...