Қаратау ауданында 8 наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

Қаратау ауданында 8 наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында аудан әкімі Р.Мүлкеманов мереке қатысушыларын құттықтап, белсенді азаматшаларды, көпбалалы аналарды, үздік қызметкерлерді арнайы мерекелік сыйлық және алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
«Әйелдер - әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету - қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек.
Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямаған әйелдер аз емес. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгінде ел мақтанышы» , - деді аудан басшысы.
Қаратау аудандық мерекелік іс-шараға аудандық мемлекеттік орган қызметкерлері, тыл және еңбек ардагерлері, тазалық мекемелері қызметкерлері, білім мен денсаулық саласы өкілдері, көпбалалы аналар қатысты. Барлық қатысушыларға мерекелік құттықтау хаттар, гүлдер мен сыйлар және арнайы мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
Аудан әкімі аталған бағыттағы мерекелік бастамалар аудан аумағында мереке күндері де жалғасын табатындығын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...