ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді

Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек China Gezhouba Group (ҚХР) Басқарма төрағасы Лю Хуайлянмен кездесті. Тараптар Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Ұзындығы шамамен 200 шақырым су құбырынан басқа, жобаны іске асыру өнімділігі тәулігіне 342 мың текше метр үш су құбыры сорғы стансасын және өнімділігі тәулігіне 210 мың текше метрді құрайтын №4 сорғы-сүзгі стансасын салуды көздейді. Лю Хуайлян құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы сәуір айында басталатынын растады.

Кездесу барысында Роман Скляр инфрақұрылымдық жобаның тұрғындарды таза сумен үздіксіз қамтамасыз етудегі әлеуметтік маңыздылығын аймақты дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуге негіз болатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...