Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 3,8 пайызға азайды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 3,8 пайызға азайды

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында - 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда -3,8%-ға төмендеген .

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны -7,0%-ға (1528-ден 1421-ге) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны -6,9%-ға (1285-тен 1196-ға дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны -7,4%-ға (243-тен 225-ке дейін) төмендеген.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 390 (382) -2,1%-ға өскен, ал қаза тапқандар саны 51 (43) өсім 18,6%-ды көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында (217 ЖКО) және елді мекендер аумағында орын алуда (635 ЖКО).

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген аудандар: Түркістан қаласы – 138, Сайрам – 133, Жетісай – 109, Арыс – 71, Түлкібас – 66, Созақ – 60, Сарыағаш – 57, Келес – 51, Шардара – 51, Ордабасы – 44, Сауран – 41, Төлеби – 39, Отырар – 31, Қазығұрт – 29, Мақтаарал – 27, Бәйдібек – 24, Кентау қаласы – 22.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Жолдарды тек белгіленген жерлерде кесіп өтуге, оң жақ рульді орналасуы бар автомобильдерде такси қызметтерін пайдаланбауға, қала маңындағы жолдарда жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневрлер жасамауға шақырамыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мамандық таңдауда жынысқа қатысты шектеу болмауы керек. Осы ұстанымды дәріптеу мақсатында Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Мамандыққа шектеу жоқ –...