Үй жағдайында тағамнан уланудың алдын алу

Үй жағдайында тағамнан уланудың алдын алу

Әлем мұсылмандары үшін қасиетті «Рамазан» айының кіріп келуімен, ауыз бекітіліп, ораза ұсталынуда. Бұл өз кезегінде мұсылман қауымының басы қосылып күнделікті үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында ауызашардың ұйымдастырылатын кезеңі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Осыған орай, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың салауаттылығын, отбасыларыңыздың, жақын адамдарыңыздың денсаулығын ойлап, тағамнан уланудың алдын алу бағытында төмендегі қысқаша сақталынуға қажетті талаптарды ұсынады:
Үй жағдайында:
-қонақтардың қол жууына жағдайдың болуын;
-тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыруын;
-шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;
-үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуін;
-ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, сақталу талабы сақталынбағанда келесі күні пайдаланбауды;
-терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау маңызды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі...

Алибек Қуантыров «Қазгидромет» РМК орталық аппаратына барып, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қызметімен, заманауи технологиялық...