Түркістандық дәрігерлер 500 грамм салмақпен туған нәрестені аман алып қалды

Түркістандық дәрігерлер 500 грамм салмақпен туған нәрестені аман алып қалды

Түркістан облыстық №1 перинаталды орталығында 24 апталық кезеңде нәресте дүниеге келді. Салмағы 500 грамм, бойы 25 сантиметр болып туған сәбидің жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Туылғаннан кейін нәресте бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Нәрестеге өкпені жасанды демалдыру аппараты қосылған. Сәби ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес толық емін қабылдады. Екі айдан кейін салмағы 1700 граммға толып, нәрестелердің жоғары тәуелді бөліміне ауыстырылды. Үш айдан кейін өздігінен тыныс алды. Ары қарай нәрестеге толық күтім жасалып, 3 ай 14 тәулігінде 2760 грамм салмақпен перзентханадан шығарылды», дейді орталық дәрігерлері.

Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы бірқалыпты. Балақайдын салмағы 2760 грамм болып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. Бала өздігінен дем алуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...