Түркістан: Бекзат Саттарханов туралы «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті

Түркістан: Бекзат Саттарханов туралы «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Оқушылар сарайында қазақ спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылған Бекзат Саттархановтың қысқа, бірақ жарқын ғұмырына арналған «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жиынға батыр Бекзаттың анасы Сырлыгүл Шойбекова, танымал спортшылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Кітапты шығару туралы идеяны ұсынған Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова жас балалардың жігерін ояту үшін осындай кітаптар жазу, кездесулер ұйымдастыру маңызды екенін айтып өтті.

Басқосуда Сырлыгүл Шойбекова баласының спортқа деген сүйіспеншілігі мен табандылығы туралы естеліктерімен бөлісті. «Ұлдың табысты болуы – ең алдымен, ананың тәлімінің нәтижесі» деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, қатысушылар Бекзаттай батырды тәрбиелеген анасына алғыс білдірді.

Кітаптың авторы Ержан Арғынбаев туындының жазылу тарихын таныстырып, Бекзаттың жеңісті жолы, рухани болмысы мен армандары туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл кітап спортшының өмірбаяны ғана емес, жасампаздық пен қайсарлықтың символына айналған рухани еңбек.

Кездесу барысында қатысушылар Бекзаттың мұрасын сақтау мен дәріптеу жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойды. Бұл еңбектің жас буынға мотивация беріп, жаңа белестерді бағындыруға жігер сыйлайтынына сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...