327 мың азаматқа 30 миллиард теңге залал келтірген микроқаржы ұйымдарының лицензиялары тоқтатылды

327 мың азаматқа 30 миллиард теңге залал келтірген микроқаржы ұйымдарының лицензиялары тоқтатылды

Бұған дейін ҚМА Алматы қаласында алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметі әшкереленгені туралы хабарлаған болатын, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізілуде.

Белгілі болғандай, алты МҚҰ бірыңғай құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған.

Сот,  қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал МҚҰ алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді.

Еске сала кетейік, олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды.

Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді.

Тергеу жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...