Ақтөбедегі «Study in Kazakhstan» көрмесіне 3000-ға жуық оқушы қатысты

Ақтөбедегі «Study in Kazakhstan» көрмесіне 3000-ға жуық оқушы қатысты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бүгін 10-11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» ауқымды көшпелі білім беру көрмесінің екінші күні өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Көрмеге 3 мыңға жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Көрме барысында олар жетекші қазақстандық университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, оқуға түсу шарттары, білім бағдарламалары, 2025 жылғы ҰБТ ерекшеліктері және гранттар туралы толық ақпарат алды.

Сонымен қатар оқушылар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан және MDSG жобасының батыс аймағындағы жоба жетекшісі Еркін Есеркеповпен кездесіп, іс-шараның маңыздылығы мен мамандық таңдау бойынша құнды кеңестер алды.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс өңірінде Ақтөбеден бастау алған «Study in Kazakhstan» көрмесі 7-8 сәуірде Атырау қаласында (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттер даңғылы 1), 10-11 сәуірде Ақтау қаласында (Оқушылар сарайы, 17 ш/а, 17/1 ғимарат) және 11 сәуірде Жаңаөзен қаласында (Мұнайшы мәдениет үйі, Жалын ш/а, 1В ғимараты) жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...