Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті

Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті

Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қ.Сахов тағайындалды.

Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Атап айтсақ, Есірткі құқық бұзушылығының профилактикалық саласы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына мәслихат депутаты С.Арыстанов, ал мүшелікке У.Рахиев, Е.Төлепов, Ә.Халиллаев,  О.Алтаева, Л.Бекеева, М.Жұмаханұлы, Х.Мохаммад, Қ.Абенов, Е.Төлегенов, Қ.Зайнишев, А.Ілескен, Г.Кипчакбаевалар тағайындалды. Полиция тарапынан бұл азаматтарға арнайы куәліктер табысталды. Яғни есірткі қылмысына қарсы күрес, заң мен тәртіпті сақтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау бағытында полиция, азаматтық қоғам және танымал тұлғалар күшін біріктірді.

Айта кетер болсақ, Түркістан облысының полицейлері ағымдағы жылдың 3 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 113 деректі анықтады. Заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі. 3 айда 311 түсіндірме шараларын өткізіп, оған 34 мыңнан астам тұрғындар қатысты. Сондай-ақ 305 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды. 50 есірткі жарнамалаушы жазбалар өшірілді. Қызметтік иттердің көмегімен адамдар көп шоғырланатын орындарда 40 рет рейдке шықты.

Жиын соңында кеңес мүшелері ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізіп, естелікке суретке түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...