Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы туралы есеп тыңдалды. Шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылды. Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді.

Кезекті отырыс қорытындысы бойынша Комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері Қазақстан экономикасына $10,5 млрд инвестиция салу бойынша міндеттеме алды.

Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 84 млрд теңгеден астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз беруді қолдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...