Еліміздің көрнекті педагогы Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Еліміздің көрнекті педагогы Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Өскемен қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
 
Ауқымды шараға 500-ге жуық ғалым, педагог, ұстаздың әріптестері мен шәкірттері қатысты. Конференцияда Қанипа Омарғалиқызының тәжірибесі мен еңбектерінің заманауи педагогикадағы маңыздылығы баяндалды.
 
Пленарлық отырыста сөз алған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев конференцияның ұстаз еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айқын белгісі екенін атап өтті.
 
«Қанипа Омарғалиқызы – әдебиетті оқытудың ұлттық үлгісін қалыптастырған педагог. Оның еңбегін ұлықтау – өткенге тағзым ғана емес – келешекке жол салу. Бүгінгі ұстаз – болашақтың сәулетшісі. Сондықтан әр баланың жүрегіне үміт дәнін себу, рухани бай, ұлттық сана-сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу – басты міндетіміз», - деді министр.
 
Қазіргі таңда Қанипа Бітібаева атындағы 17 ғылыми-әдістемелік зертхана еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар жыл сайын педагогикалық оқулар, оқушылар мен колледж студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадалар өткізіліп келеді.
 
Конференция барысында Ғани Бейсембаев Қанипа Бітібаева ұзақ жылдар еңбек еткен Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатына жаңа модификациядағы оқу зертханасын жабдықтауға арналған сертификат табыстады.
 
Сондай-ақ Қ.Бітібаева атындағы зертхана жетекшілерінің жұмысына министрліктің алғысын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...