Қазақстанда «Жасыл» технологияларды өнеркәсіпке енгізу перспективалары

Қазақстанда «Жасыл» технологияларды өнеркәсіпке енгізу перспективалары

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақстан өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізудің болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылап қана қоймай, орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындады, сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлін қарастырды.

Ашық диалог форматында министр QazInnovation қоры өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ озық климаттық және ресурс үнемдеу жобаларын іске асыратын GCIP-Kazakhstan финалистер командаларымен тікелей сөйлесті.

Өнеркәсіпте жасыл технологияларды қолдану тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізудің кілті екенін атап өткен жөн. Осы технологияларды белсенді түрде енгізетін өнеркәсіп салалары табиғи ресурстарды сақтауға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...