«Халық қатысатын бюджет» жобасындағы белсенділік

«Халық қатысатын бюджет» жобасындағы белсенділік

Шымкент қаласы 18 шағын ауданының 1,2,3,4,5,6,7,8,12 көпқабатты үйлерін аралап шықтым. Аралау барысында тұрғындармен кездесіп, мемлекеттің «Халық қатысатын бюджет» жобасында белсенділік танытуға шақырдым. Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Еңбекші ауданының әкімі:  жобаның мақсаты - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамас ету. Бұл дегеніміз - тұрғындарымыз өз ауласын абаттандыруға, балалар ойын алаңшаларын жаңалауға, жалпы аудан аумағын дамыту, жақсарту жөніндегі ұсыныстарын береді және ол басқа тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жоғары дауыс жинаса, мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, іске асырылады.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан ағаш қырқу, аулалардағы балалар ойын алаңшаларын жаңарту мәселелері көптеп көтерілді. Аталған мәселелерді шешу мақсатында жоспарланған жұмыстарды алдағы уақытта кезең кезеңімен шешілетіндігін жеткіздім.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығында протездеу жұмыстары ем алушыны...

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке алу бойынша «Өз жемі-шөбіміз», «6% жеңілдетілген лизинг» және «Қазақстанда...