Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке алу бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау қайта басталды

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке алу бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау қайта басталды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке алу бойынша «Өз жемі-шөбіміз», «6% жеңілдетілген лизинг» және «Қазақстанда жасалған» бағдарламаларына өтінім қабылдауды қайта бастады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Өз жемі-шөбіміз» бағдарламасы

Бағдарлама мал шаруашылығын жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға және мал шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бағдарлама бойынша қазақстандық және шетелдік өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын, жем-шөп дайындау техникасын және жылжымалы суару жүйелерін сатып алуға болады.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, лизинг мерзімі 10 жылға дейін, алғашқы жарна кемінде 15%.

Бағдарлама биологиялық активтерді өсірумен, күтіп-бағумен немесе бордақылаумен айналысатын, жер учаскелерінің құрылымында жайылымдары және (немесе) шабындықтары бар және жем өндіруді немесе дайындауды құжатпен растай алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған. Лизингалушы үшін қарсы міндеттеме белгіленген: қаржыландыру алынған қаржы жылынан кейінгі екі жыл ішінде еңбекақы қорын және салықтық түсімдерді 10%-ға арттыру.

«Жеңілдікті лизинг 6%»

Бағдарлама отандық өндірістегі және құрастырудағы өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті жағдайда қаржылық лизингке беруді көздейді. Фермерлер техниканы алғашқы жарнасыз, 10 жылға дейінгі мерзімге, жылдық 6% мөлшерлемемен сатып ала алады.

«Қазақстанда жасалған»

Бұл бағдарлама бойынша аграршылар ілмелі, тіркемелі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін, биологиялық активтерді тасымалдауға арналған көлік құралдарын сатып ала алады. Бағдарлама шарты: техника отандық өндірісте жасалған немесе құрастырылған болуы тиіс. Мөлшерлеме жылдық 6%, мерзімі 10 жылға дейін, алғашқы жарна лизинг нысаны құнының кемінде 15%-ы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке алу бойынша «Өз жемі-шөбіміз», «6% жеңілдетілген лизинг» және «Қазақстанда...