Ескерткіш қайта жаңартылды

Ескерткіш қайта жаңартылды

Биыл Чернобыль апатына 35 жыл толып отыр. Бүгінгі күнде Шымкент қаласы бойынша 180 чернобыль ардагері бар. Осыған орай Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қабанбай батыр көшесіндегі ескерткіш реставрациядан өтті, деп хабарлайды «no-comment» ақпараттық агенттігі.

Қалпына келтіру жұмыстары «Мрамор гранит» ЖШС-ның демеушілігі есебінен жүзеге асырылды. Қаламыздың Чернобыль ардагерлерімен кездесіп, ескерткіштің жаңартылған нұсқасын көпшіліктің назарына ұсындық. Аға буынмен болған кездесуде өзгеде өзекті мәселелер талқыланды.

Өз өмірі мен денсаулықтарын қатерге тігіп азаматтық борыштарын орындаған ардагерлерді құрметтеуге қашанда дайынбыз. Чернобыльдегі апатқа қатысушылардың ерлігі ешқашан ұмыт болмайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...