Алматыда есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілді

Алматыда есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілді

Алматыда прокуратура, полиция және белсенділер бірлесіп, есірткі жарнамасына қарсы рейд жүргізді. Тұрғын үйлер мен ғимараттарды аралау кезінде интернет-дүкендердің сілтемелері жазылған заңсыз граффити анықталып, жойылды.

Ұсталғандарға қатысты шаралар қабылдануда. Прокуратура тұрғындарды мұндай деректерді жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

2025 жылдың алғашқы төрт айында елімізде есірткіге қатысты 3 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеліп, оның 828-і сату дерегі болған. Заңсыз айналымнан 3,5 тонна есірткі тәркіленген, оның ішінде 259 кг синтетикалық заттар мен 2 тонна марихуана бар.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды осындай жарнаманы орналастыру фактілерін белсенді түрде хабарлауға және есірткінің таралуына немқұрайлы қарамауға шақырады.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...