Оқушылар мен ата-аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Оқушылар мен ата-аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Жазғы демалыс қарсаңында Шет ауданы мектептерінде оқушыларына және ата-аналарына құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ЖПҚБ УПИ полиция капитандары Б.Искаков, А.Н.Арыстанов және ЮПТ УПИ полиция капитаны А.К.Тотыбекова қатысты.

Кездесулер барысында балалар мен ата-аналарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, судағы қауіпсіздік, буллингтің алдын алу, нашақорлықтың зияны сынды маңызды тақырыптарда түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар үшін заң алдында жауапкершілік бар екені ескертілді.

Мақсат – жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...