Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана орнатылады. Бұл бастама - лагерлердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған. Мәселен, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда 1 мыңнан астам баланы қабылдайды. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, облыстағы жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте, өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Жалпы Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала 31 жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Балаларға арналған бұл демалыс тек тынығу емес, тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең. Осыған орай, лагерлерде әр күнге жоспарланған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Түркістан облысының балаларына жазғы сауықтыру кезеңі басталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...