Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

Шардарада экологиялық бағытта жастар слеті өтті

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты жастар слеті ұйымдастырылды. Шара- экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ жас ұрпақты еңбекқорлық пен жауапкершілікке және табиғатқа жанашыр болуға бағытталған. Іс-шара аясында Шардара суқоймасының жағалауында сенбілік ұйымдастырылып, 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Олар көл жағасынан 1 тоннаға жуық тұрмыстық және пластик қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында өткен «Экоплоггинг» сайысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаз ұжымдарға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жалпы жастар слеті – патриотизм мен экологиялық мәдениетті ұштастырған маңызды шара ретінде жас ұрпақтың сана-сезіміне оң ықпал етті. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар ауданда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жас буынның белсенділігін арттыру көзделген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...