Қазақстандық делегация Орталық Азия елдері мен Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Жастар форумына қатысты

Қазақстандық делегация Орталық Азия елдері мен Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Жастар форумына қатысты

2025 жылғы 22–24 мамыр аралығында Душанбеде Орталық Азия және Шығанақ елдері ынтымақтастығы кеңесінің Жастар форумы өтті. Форумға 10 мемлекеттен жастар және спорт саласының басшылары мен өкілдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Отбасы және жастар істері комитетінің өкілі Жанар Ислямова сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарымен, сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде қазақстандық жастар жеткен жетістіктерді атап өтті.

Бұл форум – жас ұрпақтар арасындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстыруға, сондай-ақ тұрақты даму, инновация, қоршаған орта, спорт және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамаларды қолдауға және екі өңір мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...