Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеден қорғау шараларын күшейтуді тапсырды

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеден қорғау шараларын күшейтуді тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбековтың айтуынша, бүгінгі күні 3,2 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары зерттеліп, оның 878,3 мың гектарында зиянкестердің бар екені анықталған. Өңдеуге жататын 528,4 мың гектардың ішінде 486,3 мың гектар жерде шаралар жүргізілген.

Ауыл шаруашылығы министрі өңірлердегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

«Міндеттемелерді алған мердігерлер барлық қажетті техниканы толық көлемде қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыстар кестеге сәйкес, қажет болған жағдайда — тәулік бойы, ауа райына немесе техникалық қиындықтарға қарамастан жүргізілуі қажет. Жұмыстардың мерзімі мен сапасына күн сайын мониторинг жүргізілетін болады. Қажет болған жағдайда қайта өңдеу мүмкіндігін де қарастыру қажет», — деді Айдарбек Сапаров.

Кестеден кешігу байқалатын өңірлер қатарына Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстары жатады.

Әсіресе шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударылды, өйткені бұл жерлерде зиянкестердің көшуінің алдын алу үшін бақылауды күшейту қажет.

Жиында сондай-ақ бірнеше өңірдің әкімдерінің орынбасарларының баяндамалары тыңдалып, кейінге қалудың негізгі себептері анықталып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралар кешені әзірленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...