Информатика кез-келген мамандықтың ажырамас бөлігі болып табылады

Информатика кез-келген мамандықтың ажырамас бөлігі болып табылады

Иманбекова Оразгүл Шаукенқызы - «Информатика» пәнінің мұғалімі. Ол Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде 2001 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқаруда. Бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім.

Информатика мұғалімі – ХХІ ғасырдың мамандығы. Қазіргі балалар ерте жастан бастап компьютермен өскенімен, олар информатика негіздерінің не екенін түсіне бермейді. Олар компьютердің не екенін мектеп қабырғасына келгенде ғана толық түсіне бастайды. Ал информатика мұғалімдері эрудициясымен, қызығушылығымен, ұтымдылығымен, аналитикалық ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Сондай мамандардың бірі деп Оразгүл Шаукенқызын айтуға болады.

Ол– өзінің біліктілігі мен білім деңгейін үнемі жетілдіре отырып, өзгерістерге бейімделе алатын білімді маман, өйткені ғылым бір орында тұрмайды және үнемі дамып отырады. Заманауи мұғалім сабақтарында озық технологияларды қолдануға тырысады, оқушыларға мәтінді, кестелерді, суреттерді өңдеуге арналған бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, бағдарламалау негіздерін зерттеп білуіне көмектеседі. Оқушылар өз өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді, сол себепті Оразгүл Шаукенқызы балалар үшін тек педагог емес, сонымен қатар дос, көмекші, психолог, кеңесші болып жүр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...