Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады

Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда Ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.

Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Ұйыммен бірлесе отырып, Технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.

Дарен Танг елімізде қабылданған шаралардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингтегі орнын жақсартқан болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...