Түркістан облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Түркістан облысында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Биыл елімізде 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл туралы баспасөз жиынында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Гүлнар Күнтуғанова мәлімдеді.

«Санаққа дайындық жұмыстары 1,5 жыл бұрын басталды. Үкімет және облыс деңгейінде арнайы комиссия құрылды. Осы уақыт ішінде қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Одан бөлек, осы салада өзге елдермен де өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі санақ кезеңдері басталғанға дейін осы жылдың 1-30 маусым аралығында Түркістан облысының 6 ауданында жеке қосалқы шаруашылықтарын алдын ала аралау шаралары жүргізілетін болады. Санақ жұмыстары онлайн және офлайн форматтарда өтеді. Ол үшін арнайы sanaq.gov.kz сайты мен 1446 жедел желісі іске қосылған. Санақ барысында облысымызда барлығы 310 мыңға жуық үй шаруашылығын және 90 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарланған. Түркістан облысында санақ жүргізу үшін жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ барлық ерікті азаматтар санатынан 670-ден астам адамды интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз»-деді сала басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...