ҚР АШМ-де Эстониямен логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

ҚР АШМ-де Эстониямен логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министр Азат Сұлтановтың Эстониядан келген делегациямен кездесуі өтті. Делегация құрамында ірі логистикалық компаниялардың өкілдері, теңіз порттары мен теміржол инфрақұрылымының басшылары болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы – логистикалық ынтымақтастықты дамыту және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Эстонияның көлік-порт инфрақұрылымы арқылы Еуропа нарығына жеткізуді кеңейту болды.

«Еуропалық бағыт біз үшін стратегиялық маңызға ие, біз ынтымақтастықты тереңдетуге дайынбыз», — деді Азат Сұлтанов.

Эстониялық тарап қазақстандық шаруалармен серіктестікті нығайтуға қызығушылық танытты. Кездесуде Силламяэ мен Мууга теңіз порттары арқылы астық пен майлы дақылдарды экспорттау мүмкіндіктері талқыланды.

«Эстония порттары Қазақстан мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көпір бола алады. Бұл тек астықпен шектелмей, майлы дақылдарды да қамтиды. Еуропа қазақстандық астықты және оның жоғары сапасын жақсы біледі», — деді Эстониядағы екінші ірі теңіз порты – Силламяэ портының президенті Тийт Вяхи.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және елдер арасындағы диалогты тұрақты түрде жалғастыруға келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...