Жыл сайын 4 миллионнан астам қазақстандық инфекцияларға қарсы егіледі

Жыл сайын 4 миллионнан астам қазақстандық инфекцияларға қарсы егіледі

Шымкент қаласында өткен Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқасының отырысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова иммунопрофилактика саласындағы ілгерілеуді және инфекциялық аурулар бойынша сырқаттанушылықтың айтарлықтай төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық иммундау бағдарламасы шеңберінде жыл сайын елімізде 4 миллионнан астам адам егіледі.

Мысалы, полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. Соңғы 34 жылдың ішінде эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті – 32 еседен астам, В гепатиті – 92 есе, ал қызамық– 2000 еседен астам төмендеген.

Сіреспе сияқты инфекциялар бойынша да тұрақты түрде төмен сырқаттанушылық деңгейі байқалады, бұл халықты вакцинациялаумен қамтудың жоғары деңгейін көрсетеді.

С. Бейсенованың айтуынша, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша жағдайын тұрақтандыруға ықпал етті. 2025 жылдың сәуір айында 697 жағдай тіркелсе, бұл 3 405 жағдайды құраған 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір аз. Ауырғандардың негізгі бөлігін жоспарлы екпеден өтпеген балалар құрайды.

2024 жылдың шарықтау кезеңімен салыстырғанда көкжөтелмен сырқаттану 92%-ға төмендеді. 2025 жылдың басынан бері 203 жағдай тіркелген. Толықтырып вакцинациялау шеңберінде бұрын жоспарлы екпеден тыс қалған 211 мыңнан астам балаға вакцина егілді.

Отырыстык қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларды нысаналы жастағы профилактикалық екпелермен (кемінде 95%) қамтуға қол жеткізу, Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі шеңберінде вакциналарды сақтау шарттары мен мерзімдерінің денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде де сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

ҚР ДСМ кезекті алқа отырысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ДДҰ, UNICEF, комитеттер, ғылыми орталықтар, республикалық клиникалар, аумақтық құрылымдар, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...