Оңтүстік Кореяның жетекші университеті KAIST делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді

Оңтүстік Кореяның жетекші университеті KAIST делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық серіктестік аясында Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді. KAIST – Оңтүстік Кореяның әлемдік деңгейдегі жетекші ғылыми-техникалық университеттердің бірі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында KAIST-тың жетекші профессорлары мен академиялық басқару өкілдері болды, олар зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда халықаралық тәжірибеге ие. Кездесу Орталық Азиядағы алғашқы зерттеу университеті QAIST University-ді KAIST үлгісінде құру мәселесі шеңберінде ұйымдастырылды.

Сапар барысында QAIST университетінің академиялық және ғылыми моделін қалыптастыруға арналған стратегиялық сессиялар өткізілді, инфрақұрылымдық шешімдер талқыланды және болашақ кампустың ықтимал орналасу орындары қаралды. Басқосуда QAIST университетінің миссиясы жаңа буын ғалымдар мен инженерлерді, жаһандық мәселелерді шешуге қабілетті зерттеушілерді фундаменталды ғылым, озық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық негізінде даярлау екені аталып өтті. QAIST зерттеушілер, студенттер және технологиялық бастамалар үшін маңызды орталыққа айналып, Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға және оны жаһандық білім беру мен зерттеу кеңістігіне интеграциялауға серпін бермек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...