Қанат Бозымбаев Power China Chengdu компаниясымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Қанат Бозымбаев Power China Chengdu компаниясымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Power China Chengdu Engineering Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Хэ Яньфэн энергетика және су ресурстары салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Power China Chengdu — жобалау мен инвестициялаудан бастап құрылыс пен пайдалануға беруге дейінгі толық қызметтер тізбегін ұсынатын әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.

Бүгінде Power China Chengdu Қазақстанда бірқатар ірі жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында «Мойнақ» су электр стансасы, «Жаңатас» және «Шелек» жел электр стансалары бар. Қазіргі таңда «Хромтау» және «Арқалық» жел электр стансаларын іске қосуға дайындық жүргізілуде.

Келіссөздер барысында қытайлық тарап ирригация және су шаруашылығы салаларындағы жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Қанат Бозымбаев елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы айтып өтті, олардың қатарында Алатау қаласының құрылысы мен коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба бар.

Кадр даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қанат Бозымбаев тараптардың бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі ретінде Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің базасында жас мамандарды даярлау туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар бірлескен бастамалардың әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниеттерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...