Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды

Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін нығайтуда жаңа кезеңін ашпақ, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Келісім сараптамалық қолдау мен тиімді экономикалық реформаларды әзірлеуге бағытталған серіктестікті бекітеді. Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы катализатор болмақ.

ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі директоры Андреас Шааль Қазақстанға бағдарламаны жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның әлемдік озық тәжірибелерді ілгерілетуге және Еуразия аймағында тұрақты экономикалық орта құруға ұмтылысын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті ол.

Астана халықаралық форумының «Building Economic Resilience» панельдік сессиясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік басқару, цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу реформаларындағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Бұл жетістіктер халықаралық рейтингтердегі жоғары позициялармен расталып, Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретіндегі беделін нығайтады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...