Қазақстанда ең жанғыш 24 орман мекемесінде өртті ерте анықтау жүйесі орнатылады

Қазақстанда ең жанғыш 24 орман мекемесінде өртті ерте анықтау жүйесі орнатылады
Орман өрттерін уақытылы анықтау және жедел сөндіру мақсатында еліміздің 10 облысында ормандарды авиациялық патрульдеу жүргізіліп жатыр. 15 әуе бөлімшесінде 14 тікұшақ пен 3 ұшақ жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың наурыз айында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қауіпті маусымға дайындығы бойынша бақылау тексерулерін жүргізді. Мәселен, облыс әкімдіктері мен мемлекеттік орман иелеріне өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру тапсырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Комитет төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екі кезеңі шеңберінде...

Мемлекет басшысының ұлттық экономиканы әртараптандыру және елдің көлік-логистикалық әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында...