Сыр өңірі - мәдениеттің алтын арқауы

Сыр өңірі - мәдениеттің алтын арқауы

Қызылорда облысы - Қазақстанның мәдениеті мен руханиятының қайнар көзі. Сыр елі ежелден ұлы өркениеттер тоғысқан, ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштер мекені болып саналады. Бұл аймақта жыраулық өнер ерекше құрметке ие, осы дәстүрді ұрпаққа жеткізу мақсатында "Жыраулар үйі" ашылып, Сыр мәдениетінің басты брендіне айналды.

Соңғы жылдары өңірде мәдени инфрақұрылым жаңарып, заманауи нысандар бой көтерді. 1000 орындық "Өнер орталығы", 11,5 млрд теңгеге салынған аудандық "Руханият орталықтары" – соның айғағы. Бұл орталықтар тек мәдени шаралар өтетін орын ғана емес, архив, музей және кітапханаларға арналған жаңа кеңістіктерге айналды. Енді аудандық архивтерде 200 мыңға дейін құжат сақтауға мүмкіндік бар.

Сол жағалауда бой көтерген жаңа тарихи-өлкетану музейі – облыс мәдениетінің тағы бір қазынасы. Бұл ғимараттың салынуына 2,7 млрд теңге бөлініп, тарихи жәдігерлерді сақтауға қажетті жағдай жасалды. Музей қорлары алтынмен әшекейленген көне жауынгерлер мен ханшайымдардың реконструкцияланған бейнелерімен толықты.

Археологиялық зерттеулер де қарқынды жүргізілуде. Сығанақ, Жанкент, Бәбіш мола секілді ортағасырлық қалаларда қазба жұмыстары арқылы халқымыздың бай мұрасы зерттеліп, зерделеніп жатыр. Бұл – Сыр өңірінің тек өткен тарихын ғана емес, қазіргі мәдени даму деңгейін де паш ететін үлкен қадам.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...