«Бозарық» қосалқы станциясына қажетті техникалар орнатылды

«Бозарық» қосалқы станциясына қажетті техникалар орнатылды

Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында «Бозарық» қосалқы станциясына да барды, деп Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шаһарда энергетика саласын дамыту бағытында салынып жатқан 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.

Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Бүгінде нысанға қажетті басты құрал-жабдықтар толығымын жеткізілген. Бірқатар құрал-жабдықтар - 220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстың 99 пайызы аяқталған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыруды жоспарлаған мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл тамыз айында іске қосамыз деп отыр.

Мегаполис басшысы М.Әйтенов техникалардың сапалы орналастырылғанына көз жеткізіп, құрылысты жоспарға сай мерзімінде аяқтау керектігін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Алматы Дархан Сатыбалды в ходе пешего обхода ул. Жансугурова ознакомился с реализацией проектов благоустройства, состоянием инфраструктуры и...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жансүгіров көшесін жаяу жүріп, көріктендіру жобаларының жүзеге асырылу барысымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және...

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ...

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен екі елдің іскер...