Құрылыс қалдықтарын көшеге төккен азаматтарға айыппұл салынады

Құрылыс қалдықтарын көшеге төккен азаматтарға айыппұл салынады

Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе қатты қалдықтарды дұрыс шығару бойынша рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Кезекті тексеру жұмыстары кезінде Қазиев көшесі бойындағы 5 кәсіпкерлік нысанда заңбұзушылықтар анықталды. Аталған көше бойына құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастағаны үшін 5 азаматқа ескерту беріліп, хаттама толтырылды.

Жалпы жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 715 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барша тұрғындар мен жеке кәсіп иелерін қаламызды таза ұстауға, қоқысты арнайы орынға шығаруға шақырамыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында...