Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қауымдастықтың мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды. Ең алдымен шешілуге тиіс міндеттер ретінде экономиканы ырықтандыруға, мемлекеттің бизнеске араласуын азайтуға, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді.

Бұдан бөлек, салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.

Болат Ақшолақов отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі ұсынысын жеткізді.

Мемлекет басшысы бұл бастамаларды қолдап, инвестициялық климатты жақсарту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету тұрғысынан оларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...