Мекенбай Есімов – құрылыс саласындағы қажырлы еңбектің иесі

Мекенбай Есімов – құрылыс саласындағы қажырлы еңбектің иесі

Қоғам дамуы мен қаланың көркеюі – өз ісіне адал еңбек ететін мамандардың маңдай терімен тікелей байланысты. Солардың бірі – Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс компаниясында жұмыс істейтін Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы. Ол – құрылыс саласында бірнеше жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі құрылысшы.

Мекенбай Сүйінбекұлы өз ісінің шебері ретінде әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы тапсырылуына жауапкершілікпен қарайды. Құрылыс – кез келген инфрақұрылымның негізі. Жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер – барлығы да құрылысшы мамандардың тынымсыз еңбегімен бой көтереді. Бұл саланың мамандары сырт көзге көп көріне бермейді, алайда олардың еңбегі – әрбір жаңа ғимаратта, әрбір іргетаста жатыр.

Мекенбай Есімов – дәл осындай еңбек адамдардың қатарынан. Ол өзінің күнделікті жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқарып, әріптестері арасында сенімді, ұқыпты маман ретінде танылған. Оның кәсіби адалдығы мен табандылығы нәтижесінде қаладағы бірқатар нысандар уақытылы әрі сапалы тұрғызылып, пайдалануға берілді.

Оның құрылыс саласына сіңірген еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Мекенбай Сүйінбекұлы “Елеулі еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат – оның тек кәсіби шеберлігіне ғана емес, сондай-ақ салаға қосқан нақты үлесіне берілген жоғары баға. Бұл – қарапайым еңбек адамының еңбегін бағалаудың көрінісі.

Мекенбай Есімов – тек маман ғана емес, кейінгі жас буын үшін үлгі боларлық тұлға. Құрылыс алаңындағы тәртіптілігі, іске деген адалдығы және табандылығы – жастар үшін тәрбиелік мәні бар өнеге. Ол еңбек етуді мәртебе санап, осы салада қызмет етіп жүргенін мақтаныш көреді.

Оңтүстік өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан Мекенбай Сүйінбекұлы сынды құрылысшылар – қаланың іргесін қалаушы нағыз еңбек майталмандары. Осындай азаматтардың еңбегі арқасында жаңа нысандар салынып, ел игілігіне айналуда. Еңбекке деген адалдық пен тиянақтылық – Мекенбай Есімовтің басты өмірлік ұстанымы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...