Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтуде

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтуде

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.

Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.

16-30 тамыз аралығында “Shymkent Shooting Plaza” базасында 27 елден 800 спортшы “тапанша”, “мылтық”, “қозғалмалы нысана”, “стендтік ату”, “трап”, “скит” және “скит-микс” бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.

Жарыстың мақсаты- атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру,  рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...