Қызылордада Жастар күніне арналған Оpen air кеш өтті

Қызылордада Жастар күніне арналған Оpen air кеш өтті

Қызылорда қаласында Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!» атты ашық аспан астындағы ерекше форматтағы жастар кеші жастар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. “Достық үйі” ғимаратының алдында өткен бұл гала-концерт жастардың шығармашылығын қолдау мен олардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған маңызды шара болды.

Кешке қала жастары, еріктілер, өнерсүйер қауым және облыс қонақтары қатысты. Олар жергілікті жас өнерпаздардың өнерін тамашалап, әсем музыка мен жарқын эмоцияға толы кештің куәсі болды. Бұл кеш жастардың бірлігін, шығармашылық әлеуетін және өмірге деген құлшынысын көрсететін алаңға айналды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жастарды мерекемен құттықтап, олардың ел болашағындағы маңызды рөлін атап өтті. «Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші», – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Мәдени бағдарлама барысында көрермендер Жарасхан Төлебай, DJ Jako, Axallek, Есқара, Бекзат Молдабергенов сынды жастардың өнерін тамашалады. Шара жүргізушілері Әліби Басаров пен Нұрлан Сипанов көрерменмен белсенді байланыс орнатып, кешті әсерлі ете түсті. Кештің басты хедлайнері ретінде өнер көрсеткен “6ELLUCCI” тобы сахнада жарқын шоу ұйымдастырып, кеш шарықтау шегіне жетті.

Айта кету керек, бұл концерттің басты ерекшелігі – сахнаға шыққан барлық өнерпаздардың жергілікті жастар болуы. Олардың арасында Сыр өңірінен шығып, бүкіл елге танылған таланттар да бар. Бұл өз кезегінде жастарға шабыт сыйлап, шығармашылыққа деген сенімді арттырды.

Кеш соңында DJ Jako-ның сүйемелдеуімен өткен би кеші шараның көркін қыздырып, қатысушыларға ұмытылмас сәттер сыйлады. Осындай игі бастамалар жастар арасында мәдени белсенділікті арттырып, олардың әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...