Еңбегімен елге үлгі болған құрылысшы

Еңбегімен елге үлгі болған құрылысшы

Құрылысшы - адамзат өркениетінің негізін қалаған, бүгінде де қоғамда ерекше орын алатын мамандық. Бұл - көзге көрінетін, қолмен ұсталатын нақты нәтижеге жетелейтін кәсіп. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл мамандық бүгінде жаңа технологиялармен, заманауи үлгілермен толығып, жаңаша сипат алып отыр.

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде құрылыс қарқынды дамуда. Әсіресе, ірі қалаларда бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, әлеуметтік нысандар - бәрі де құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Шымкент қаласы да бұл тұрғыда ерекшеленіп келеді. Жыл сайын жаңадан бой көтеріп жатқан шағынаудандар, көпқабатты тұрғын үйлер мен заманауи ғимараттар қаланың келбетіне көрік қосып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасауда.

Осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қаланың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтардың бірі - Қалыбеков Садулла Жантөреұлы. Ол «Корпорация Ақ ордасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры ретінде танымал. 2008 жылы Шымкент қаласының «Асар» мөлтек ауданында жүзеге асқан ірі әлеуметтік жобаның басында тұрған азамат ретінде ел есінде. Аталған жобада 320 гектар аумақта 1550 тұрғын үйдің құрылысы басталып, үш жылдың ішінде - 2011 жылы толық аяқталды. Бұл үйлерге шамамен 20 000-ға жуық қандастарымыз қоныстанып, өз шаңырақтарына ие болды.

Садулла Жантөреұлының бұл еңбегі - тек құрылыс саласындағы кәсіби жетістік емес, сонымен қатар мыңдаған адамның арманын жүзеге асырған адамгершілік миссиясы. Оның басшылығымен жүзеге асқан құрылыс жобасы жүздеген отбасын баспанамен қамтамасыз етті, жаңа өмірге жол ашты.

Құрылысшы мамандығы - кез келген қоғамда үлкен құрметке лайық кәсіп. Бұл мамандық иелері күннің ыстығына да, суығына да қарамай, маңдай терімен ел игілігіне жұмыс істейді. Олардың қолтаңбасы әрбір көшеде, әрбір үйде, әрбір ғимаратта қалары анық. Сондықтан да құрылысшы болу - тек мамандық таңдау емес, үлкен жауапкершілікті арқалау.

Осындай азаматтардың еңбегі ел есінде қалуға тиіс. Олар салған үйлер - жай ғана ғимарат емес, онда тұратын адамдардың арманы, үміті мен болашағы. Сондықтан құрылысшыларға деген құрмет пен алғыс - әрбір қоғам мүшесінің борышы. Еңбегімен еленген, елге үлгі болған азаматтар - болашақ ұрпаққа өнеге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...