Лесхан Арман – техникалық шеберліктің үлгісі

Лесхан Арман – техникалық шеберліктің үлгісі

Өндірістегі әр маманның еңбегі маңызды. Бірақ солардың ішінде өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен және нақты нәтижесімен ерекшеленетін жандар бар. Солардың бірі – слесарь мамандығын игеріп, осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген Лесхан Арман. Ол күн сайын техникалардың ақауын түзетіп, өндірістің тоқтаусыз жұмыс істеуіне үлес қосып келеді.

Слесарь мамандығы – үлкен жауапкершілікті, мұқияттылықты және кәсіби шеберлікті талап ететін сала. Техникалық ақауларды дер кезінде анықтап, оны сапалы жөндеу – өндірістік процестің үзіліссіз жүруінің негізгі кепілі. Лесхан Арман осы жауапты міндетті күн сайын мінсіз атқарып келеді. Оның тиянақтылығы мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі әріптестері тарапынан жоғары бағаланады.

Арманның қолынан шыққан әр жұмыс – шынайы еңбектің, маңдай тердің нәтижесі. Ол істі уақытша шешумен шектелмей, түбегейлі және сапалы орындауға мән береді. Бұл оның жұмысқа деген көзқарасының ерекше екенін көрсетеді. Әріптестері оның ұқыптылығын, сабырлылығын және сенімділігін жоғары бағалап, техникалық қызмет көрсету саласында тәжірибелі маман ретінде таниды.

Көп жағдайда мұндай мамандардың еңбегі көзге көрінбейді. Бірақ дәл осы мамандардың арқасында өндірістегі техникалар үздіксіз жұмыс істеп, жалпы процестің тиімділігі артады. Арман – дәл осындай еңбек иесі. Ол үшін жұмыс – жай ғана табыс көзі емес, өзінің кәсіби абыройы мен елге қосып отырған үлесінің көрінісі.

Бүгінде елімізде техникалық бағыттағы мамандықтарға ерекше мән беріліп келеді. Қарапайым еңбек адамын құрметтеу, олардың еңбегін бағалау – қоғам үшін маңызды. Лесхан Арман сияқты мамандар – өндіріс орнының тірегі ғана емес, қоғамның сенімді іргетасы. Олардың еңбегі – жас мамандарға үлгі, ал ісіне деген адалдығы – кәсібиліктің көрінісі.

Арман – өз саласында тәжірибесімен де, шеберлігімен де ерекшеленетін маман. Осындай азаматтар арқылы өндіріс тұрақтылығы мен дамуы қамтамасыз етіледі. Сондықтан олардың еңбегін тану – жалпы қоғам дамуына деген құрмет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...