Өндірістік сала – тәртіп пен дәлдікті, кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін күрделі жүйе. Осы салада өзінің шынайы еңбегімен көзге түсіп, ұжым ішінде құрметке ие болған қызметкерлердің бірі – Айнакулов Бахтияр. Ол 2018 жылдан бері «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде металл конструкцияларды жинау жөніндегі слесарь болып еңбек етіп келеді.
Бахтияр өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындап, күрделі өндірістік тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде аяқтауымен ерекшеленеді. Ол жұмыс барысында тек кәсіби шеберлік танытып қана қоймай, өндірістегі тәртіпті, еңбек қауіпсіздігін де қатаң сақтайды. Командалық жұмысқа бейімділігімен, әріптестерімен өзара қолдау мен түсіністік негізінде жұмыс істеуімен де ерекшеленіп отыр. Осындай қасиеттері оның ұжым арасындағы беделін арттыра түсті.
Айнакулов Бахтиярдың күнделікті атқаратын қызметі кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне тікелей ықпал етеді. Әрбір металл құрылымның дәлдігі мен беріктігі – оның тиянақты еңбегінің нәтижесі. Зауыт өнімдерінің сапасы мен сенімділігі – осындай мамандардың маңдай тері мен кәсіби адалдығының айғағы.
Айрықша атап өтерлігі – Бахтияр елімізде алғаш рет өндірісі жолға қойылған жоғары кернеулі 110, 220 және 500 кВ трансформатор бактарына арналған металл құрылымдарды құрастыру ісіне белсенді атсалысқан. Бұл бағытта ол өзінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін толықтай көрсетіп, зауыттың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Осы жобаларда еңбек ете жүріп, ол жас мамандарға тәжірибе бөлісіп, шеберлік мектебіне айналған жанға айналды.
Жалпы еңбек өтілі 7 жылды құрайтын Бахтияр – жұмысшы мамандығының абыройын арттырып жүрген нағыз еңбек адамы. Оның ісі – жас мамандарға кәсіби шеберліктің, табандылық пен тәртіптің нақты үлгісі. Осындай мамандардың арқасында отандық өндіріс дамып, кәсіпорындар заманауи талаптарға сай өнім шығарып келеді. Айнакулов Бахтиярдың еңбегі – құрметке лайық, ел игілігі жолындағы шынайы үлес.

